• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда №129 бағыттың автобустары жаңартылады

Алматыда 17 сәуірден бастап №129 бағытқа төмен еденді 10 автобус шығады. Жаңартылған жылжымалы құрам қазіргі автопаркті толығымен алмастырады. Автобустарға 60-қа жуық жолаушы сияды, бейнебақылау камерасымен жабдықталған және Еуро-4 экологиялық санатына сай келеді.

Қалада жыл соңына дейін барлығы 460 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Олар кондиционер, бейнебақылау камералары және пандустармен жабдықталады.

Жалпы Алматыда жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында қаланың автобус паркі 2 жыл ішінде 80%-тен астам жаңартылды. Еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі бекетінің құрылысы және LRT жобасын іске асыру жалғасуда.

Сонымен қатар 15 сәуірде қалада 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды, 14 ықшамаудандағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Бұл ретте құрылыс жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен қозғалыс бағыттарына әсер етпейді. Кептелісті болдырмау үшін жолдар тек түнде жабылады.

Ақпарат көзі: Алматы Қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.