• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №137 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда көлік  реформасын және қоғамдық  көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда.  Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №137 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды  көрді.

Бұрындары бұл бағыт бойынша жоспарланған 20 көліктің небәрі 6 ғана жолға шығатын, соның салдарынан қозғалыс интервалы 50 минут болатын. Бұл бағыт  тұрғындарға өте қажет, көлік «Қайрат» елді мекенін, Алматы-1 теміржол вокзалын,Универсалды базарды, Сайран автобекетін,Қалқаман елді мекенін, №7 қалалық емхананы, Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қамтиды. Осыған орай, бұл бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен төмен еденді 20 автобусы бар «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетуі тиіс деген шешім қабылданды.  Соның арқасында бағыттағы интервал бұрынғы  50 минуттан 12 минутқа дейін қысқарып, жолаушы легі бес есе артады деп күтілуде.

«Біз екі жылдан астам уақыт бойы кез- келген мегаполисте  күрделі болып табылатын көлік реформасын жүргізудеміз.Бюджет қаржысы есебінен автобустарды сатып алудамыз, жеке тасымалдаушылар да қозғалмалы составты жаңартуда. Алайда,  кейбіреулер  жеке қаржыларын салуға, нарықтық қатынаста жұмыс істеуге дайын емес, Мысалы, №137 бағыттағы автобустар сонау 2003 жылы ғана жаңарған екен. Бүгінгі күні автопарктерін жаңартқан компанияларға субсидиялар бөлінеді барлық  тасымалдаушыларға жеңілдетілген жолаушылар үшін төлем беріледі.  Қазіргі кезде алдағы болашаққа жұмыс істейтін компаниялар үшін нарық жариялы, тиімді, барлық жағдайлар жасалған», -деді мегаполис  әкімі. 

Бауыржан Байбек  Алматы қаласы үшін  тасымалдау қыземт көрсететін 1400 автобустың аздық ететінін, қалада 2 млн. адам тұратынын, сондықтан көлікті реформалау аясында тұрақты жұмыстардың жүзеге асып жатқанын, газбен жұмыс істейтін 200 автобусқа есептелген автопарктің, электроавтобус құрастыратын  зауыттың, метро бекеттерінің салынып жатқанын және ЖРК жобасының қолға алынғанын айтты. 
Еске салсақ, Алматыда  №131, 115, 127, 12, 22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112,22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  жаңарып, №1 бағыт пен  №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.