• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №141 автобус бағыты өзгереді

Алматы қ. Медеу ауданында орналасқан «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы мен «Алатау» балалар клиникалық шипажайының қызметкерлері мен келушілерінің өтініштері бойынша, Алматы қ. Қалалық мобилділік басқармасы №141 автобус бағытына өзгеріс енгізді.

4 наурыздан бастап қозғалыс соңғы аялдама «Көпір» автостанциясынан ГЭС-аялдамасына дейін ұзартылады, күн сайын бағытқа 15 жылжымалы құрам шығады. Бағытқа тасымалдаушы «Олжас ЛТД» ЖШС қызмет көрсетеді.

Ақпарат көзі: Алматы қ. Қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.