• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Өмірге үміт сыйла» акциясы басталды

Алматы әкімдігі танымал блогерлер және вайнерлермен бірге науқан бастады, олардың ішінде кәсіпкер Қайрат Құдайберген, вайнер, актер Мейіржан Төребаев, блогер Бейбіт Әлібеков, танымал kris_p_brothers_official парақшасының блогері Владимир Волков, ZTB.kz паблигінің авторы Марғұлан Тұрсынов, актер, вайнер Азим Саидбаев және тағы басқалары бар.

Жалпы, науқан ең алдымен КВИ-дің ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеу үшін коронавирустық инфекциямен ауырып жазылғандардың плазма тапсыруына бағытталған.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 8 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылды.

Індеттен айыққан әрбір жан антиденелердің бар-жоғына сынама тапсыра алады. Бұл процедураны бұрын Республикалық қан орталығында өтуге болатын, енді 5 тамыздан бастап ауруды басынан өткерген әрбір адам Қалалық қан орталығында анализ тапсыра алады. Аталмыш процедура ауыртпалықсыз және қауіпсіз.

Иммундық донорларды қабылдау коронавирус инфекцияның антиденелер титрінің болуына байланысты сауыққаннан кейін 2 айға дейін жүргізіледі, яғни сауыққан кезден бастап көп уақыт өтсе, донор қанында антиденелер аз болады.

«Өздеріңіз білетіндей, мен бұл инфекциядан ауырып жазылдым және бүгін плазма тапсырдым, ол коронавируспен ауырып жатқан ауыр науқастарды емдеуге көмектеседі деп ойлаймын», — дейді Қайрат Құдайберген.

Танымал блогер Владимир Волковтың айтуынша, қала әкімдігімен бірлескен бұл акция қоғам мен халықтың назарын ауыр науқастарға қан тапсыруға аудару үшін өткізіліп жатыр.

«Достар, біз бүгін осында «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша жиналдық. Біз бұл мәселеге бей-жай қарамайтындардың барлығын көмек қолын созып, плазма тапсыруға шақырамыз, өйткені бұл біреудің өмірін құтқара алады», — деді ол.

Алматы қалалық қан орталығының бас дәрігері Жандос Нәдіровтың айтуынша, иммундық донорларды қабылдау кезінде аурудың анамнезі қосымша жиналады, жалпы терапевт дәрігерге қаралу кезінде және АИТВ 1, 2 гемотрансфузиялық инфекциясына, В гепатитіне, С гепатитіне, мерезге, сондай-ақ антиденелер титрін анықтай отырып, коронавирус инфекциясына алдын ала тексеруден өтеді. Иммундық донорлардың тест нәтижелерін күту уақыты 1 сағатты құрайды. Кез келген жұмыс күнінде әр адам таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 12:00-ге дейін қан тапсыра алады.

Бір донордан 600 миллилитр плазма алынады, ал жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Осыған байланысты бір донордың арқасында коронавируспен ауыратын үш науқасты емдеуге болады. Плазманың мұндай көлемін алу ғылыми негізделген және донордың денсаулығына зиян келтірмейді.

5 тамыздан бастап Қан орталығына 20 адам жүгінді, оның ішінде 12 донор жіберілді.

Айта кету керек, бұл плазмалық банк қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жасалған қалалық іс-шаралар жоспары аясында құрылып жатыр.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.