• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда өндіріс саласында тұрақты өсім байқалады: жыл басынан бері 712 млрд тг өнеркәсіптік өнімі шығарылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады.

Басқармада хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 4 жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 10 жобаны іске қосу және жүзеге асыру жоспарлануда, оның 8-і индустриялық аймақта болады.

«Алматы қаласының индустриялық аймағын дамыту есебінен өнеркәсіп саласында инвестициялардың өсуі байқалады. Бізде таяу жылдары қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір ірі жобалар бар», — деп атап өтті басқарма басшысы.

Н. Оразалиннің айтуынша, өндіріс саласында жалпы өндіріс көлемінде де тұрақты өсім байқалады, ол 3,2% өсіммен 712,3 млрд тг, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 568 млрд тг немесе 103,1%-ды құрайды. Мұнда фармацевтикалық өнеркәсіп үлкен үлес алады — 152%.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің мынадай кіші салаларында көлемдер ұлғайды: сусындар өндірісі — 48,5 млрд тг немесе 108,1% (үлесі — 6,8%); қағаз және қағаз өнімдері өндірісі — 15,4 млрд тг немесе 206,6% (үлесі — 2,2%). Сондай-ақ — өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіріс — 40,7 млрд тг немесе 102,7% (үлесі – 5,7%); машина жасау-85,5 млрд тг немесе 100,6% (үлесі — 12%, көлемі «Авиажөндеу зауыты 405» АҚ, «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС, «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «Сайман корпорациясы» ЖШС сияқты кәсіпорындардың есебінен ұлғайды»; жеңіл өнеркәсіп — 8,5 млрд тг немесе 4,3 есе көп (үлесі — 1,2%); дайын металлургия бұйымдары — 19,3 млрд тг немесе 183,1% (үлесі — 2,7%).

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.