• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағы қайта жаңарды

Басқарушы компания жаңа фонтандар, балаларға арналған және спорт алаңдарын салу үшін 1,6 миллиард теңге жеке қаржы инвестициялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталық саябақ аумағында жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарған, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болды.

Жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі түсті алма бағымен инсталляцияланған жаңа фонтан нұр шашып тұр. Сонымен қатар 10 жыл қаңырап тұрған субұрқақ жаңғыртылды.

Сонау 90-шы жылдары істен шыққан «Велотрек» мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципі бойынша қайта жасалуда. Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.

Медеу ауданының әкімдігі Орталық саябаққа апаратын Гоголь көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу барысында тротуарлар жаңарып, көше жиһаздары қойылады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.