• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда полицияның фронт-кеңселерінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қабылдайды

Азаматтың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы конституциялық құқықтарын, еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мегаполис аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында қаланың барлық аудандарының полиция басқармалары мен бөлімдерінің фронт-кеңселерінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қабылдау бойынша жұмыс орындары ұйымдастырылды.

«Әйелдер отбасында физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осыған байланысты, полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асырады, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы немесе болу қаупіне қатысты хабарламалар мен арыздарды қарайды, қасақана құқыққа қарсы әрекет жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алады», - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Ақбота Әбілқасымова.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар кешенін көрсетеді. Профильді инспекторлар фронт-кеңселерде күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін кезекшілік етеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды өздеріне мәлім болған тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы хабарлауға және дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.