• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда полицияның сенім телефоны жаңаша жұмыс істейді

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне азаматтардан келіп түскен өтініштерді, шағымдар мен дабылдарды қабылдаудың бұл формасы жетілдірілді, атап айтқанда техникалық тұрғыда: келіп түскен қоңыраулар есебін автоматты режимде жүргізуге және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді.

«Департаменттегі сенім телефоны біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан құқықтары бұзылған азаматтармен байланысудың тиімді алаңы. Біздің тәжірибемізде қызметтер мен бөлімшелер қызметкерлерінің жұмысын бақылаудың бірнеше формасы бар. Мысалы, кеудеге тағатын бейнетіркеуіштердің көмегімен біз жол-патрульдік полиция инспекторларының жұмыс сапасын тексеріп қана қоймай, даулы мәселелерді шешуге де мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың тиімді шарасы. Бүгінде осындай дабылдарды қабылдау қызметі кадр аппаратының, аудандық полиция басқармаларының, сондай-ақ саптық бөлімшелердің қызметкерлерінен құралған әрекет ету тобының офицерлеріне бекітілген. Осы бағыттың негізгі модераторы Кадр жұмысы басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы болып табылады. «102» және 8-707-927-67-69 ұялы байланыс нөмірлері тәулік бойы қоңырау қабылдайды, ал 254-40-84 нөміріне күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласуға болады», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Ержан Оразбеков.

Сонымен қатар, Алматы полициясы тәртіп сақшылары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер мен әдепсіз мінез-құлық болса, жоғарыда көрсетілген сенім телефондарынан бөлек, Департаменттің ресми сайтындағы ПД басшысының Блогына жүгінуге болатынын еске салды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.