• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда салықтың өсуі барысында қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктеріне қосымша қаржы бөлінді

VI-ші шақырылымдағы қала мәслихатының ХXVII—ші сессиясы барысында Мемлекетт басшысының Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамаларын ескере отырып Алматы қаласының 2018 жылғы бюджеті нақтыланды. Бюджетті  оңтайландыру жұмыстарын жүргізу  және салық түсімінің артуы  арқасында қосымша 64,7 млрд. теңге қарастырылды. 

Алматы бюджеті  маңызды  жобаларды ескере отырып, барынша  әлеуметтік сипатқа ие болуда. Мысалы, «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы» аясында жастарға қолдау көрсету  мен  «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы одан әрі жалғасады. Жас отбасылардың алғашқы жарнамасыз 5%-дық несиемен тұрғын үй  алуы үшін 2 млрд. теңге бөлінді. 

2859 баланы қамтитын жеке бала бақшаларда мектеп жасына дейін білім беруде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға 850 млн. теңге бөлінді. Аз қамтылған отбасылардың 4 мыңнан астам балалары жазғы демалыстарға жіберіледі. 
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында бір рет берілетін әлеуметтік көмектің көлемі 150 мыңнан 250 мыңға дейін, ал оларға теңестірілгендерге 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін көбейген. ҰОС ардагерлеріне ай сайын көрсетілетін көмек ретінде коммуналдық қызмет ақысын төлеу 5,5 –тен 6,5 АЕК-ке жеткен. 

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға орталық тармақтан жеке үйлеріне дейін газ тарту (жеке үйдің иесі) бір нүктеге кететін шығынды бір реттік 100% өтеу қарастылырған.
Еңбекпен  қамту өнімділігі Бағдарламасы бойынша жыл аяғына дейін 3 мыңнан  астам адам жұмысқа тартылатын болады. 

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында биылғы жылы мектептер жедел интернетпен және компьютерлік техникамен 100% қамтылады. Қаланың барлық  денсаулық мекемелеріне ақпарттық жүйе  енгізіліп, есептеу  формасы қағазссыз форматқа көшіріледі. 

Бұрыннан белгілі, Алматы  көлікті қаупсіздендіру, ақпаратты  енгізу және цифрландыру  бойынша алдыңғы қатарда. Қазірдің өзніде қала аулалары мен демалыс орындарына 115 мыңнан астам  видеобақылау камералары қойылған.

Бүгінгі таңда көлік қозғалысындағы айыппұл электронды  форматта төленуде. Жыл аяғына дейін айыппұл төлеуді осы әдіске толық көшіру  және қылмыстық істің жартысын  электронды форматта жүргізу қолға алынады. 

«ОҢАЙ» электронды жолақы төлеу бойынша 24 млрд. теңгенің 460 млн. транзакциясы жасалды. «A-Parking» жобасына  қаланың көлік тұрағының 10%  қамтылып, салық түсімі 6 есе өсті.  Алматыда биыл ақылды бағдаршамдарды орнату  арқылы жол трафигін басқарудың бірегей орталығын қалыптастыру қолға алынады. Бұлардан өзге, сел қаупінің цифрлы мониторингі бойынша ЖСҚ жасалуда. 

Көлік саласын реформалау аясында 2018 жылы қаланың автобус паркінің үштен бірі жаңарады. Мысалы,«Алматыэлектротранс» ЖШС 199 автобус алуға қаржы бөлген. 200 автобусты «Green Bus company» ЖШС жаңартады және жеке тасымалдаушылар 131 автобус  алады. Жалпы, соңғы екі жыл ішінде қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобус жолға шықты.Рейстердің жиілігі  90% дейін артты, ал интервал  3 есе қысқарды. 

Абаттандыру және қаланың тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын көрейту аясында орталықтандыру қағидасы бойынша Медеу, Бостандық, Түрксіб және Жетісу аудандарының саябақтары ретке келтіріледі. «Yлкен және Кiшi Карасу» өзендерінің жағалауларын, жер асты өтпелі жолдарды қайта жасау үшін қаржы бөлінді. 

Егер өткен жылы 455  аула жөнделсе, 2018 жылы қаланың барлық аудандарында тағы да 585  аула жаңарады. Бұлардан өзге,«ТҮКШ модернизациялау» аясында 130 үй кшенді жөнделеді..

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.