• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда шектеу шараларының неліктен жеңілдетілгені түсіндірілді

Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің басшысы, Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, 31 тамыздан бастап, енгізілген шектеу іс-шараларының жеңілдетілгені туралы түсіндірді.

«Өткен аптада 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші – 5,2%, жұқтыру коэффициенті (RT-репродуктивтілік) 1,35-тен 0.7-ге дейін, ал күн сайынғы ауру өсімі 3,5%-дан 0,1%-ға дейін төмендеді. Нәтижесінде қазіргі уақытта инфекциялық ауруханалардағы төсектердің 83%-ы бос», — деді Ж. Бекшин.

Осылайша, шектеу шараларын жеңілдету бойынша мынадай шаралар қабылданды:
- мәдениет объектілерінің жұмысына рұқсат берілді (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілген;
- белгіленген талаптарды сақтаған кезде және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі»;
- ұлттық парктерге, танымал туристік және тау объектілеріне (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, Алма-Арасан, радон көзі және т. б.) 15 адамнан аспайтын, маска режимін сақтап, кемінде 2 м қашықтықты сақтай отырып жеке ұйымдастырылған топтармен бару;
- сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі контингенті 5-тен 180 балаға дейінгі мектептердің жұмысына рұқсат беру;
- мектептегі мектепалды даярлық тобына, 1-2 сыныптардың білім алушыларына кезекші сыныптардағы бала саны 15-тен аспайтын, арнайы ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған балаларды оқытуға рұқсат ету;
- жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жұмыс кестесі 9:00-ден 23:00-ге дейін, қоғамдық тамақтану орындарында, ғимарат ішінде 30-нан аспайтын, ашық ауада 50 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне рұқсат ету;
- «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы қызметі;
- арнаулы, мамандандырылған ұйымдардың, арнаулы
білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі;
- талаптарды сақтай отырып, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, алдын ала жазылып, ХҚО жұмысы ұйымдастырылады.

Бұл ретте, өз қызметін қайта бастаған барлық объектілерде қатаң шектеу шараларының сақталуы қадағаланатын болады.

Демалыс және мереке күндері мынадай объектілердің қызметін тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізілгенін атап өткен жөн:
- Сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар жұмыс істейді, қалғаны демалыс күндері жабық тұрады;
- сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер;
- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері;
- саун;
- ашық ауадағы аттракциондар.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.