• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда әскери қызметке түсу немесе қызметтен босату кезінде алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары айтылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне үлкен назар аударды. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы Амантай Өсербаев әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату алгоритмін түсіндірді.

«Жергілікті басқару органдарының қызметкерлері кейінге қалдыру, армиядан босату мәселелерінде ешқандай құқықтарға ие емес. „Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы“ ҚР Заңына сәйкес, бұл мәселелер шақыру комиссиясының шешімі негізінде қабылданады. Сондықтан алаяқтардың құрбаны болмауыңызды өтінеміз», — деді Амантай Өсербаев.

Сондай-ақ, сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болатынлығын айтты. Онда тиісті сұраққа толыққанды жауаптар беріледі. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаменті: 272 86 48, 2728647 немесе ҚР Қорғаныс Министрлігі: +7 (7172) 721511.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.