• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 500 мың теңгеден алады

Алматыда әр соғыс ардагеріне Жеңіс күніне 74 жыл толуына орай 500 мың теңге беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларымыздың ерен ерлігін әрқашан мақтан етеміз. Оларға үнемі құрмет пен қолдау көрсету – абыройлы міндетіміз. Біз төлемақыны екi есеге арттыру туралы шешім қабылдадық. Жеңіс күніне орай біздің ардагерлер 500 мың теңгеден алатын болады», - деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, әкімдіктер өз бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай біржолғы ақшалай төлем мөлшерін дербес белгілейді.

Қазақстанда осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының 1425 тікелей қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Сондай-ақ қоршаудағы Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары сияқты 87 мыңнан астам ҰОС ардагері бар.

Ақпарат көзі: «Қазақпарат» ХАА

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.