• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

Үш жыл бұрын ТЖД-нің есебінде нөсер жаңбыр жауған кезде су астында қалу қаупі бар 67 учаске тіркелген еді.

Бұл мәселені кешенді шешу үшін су астында қалу қаупі бар учаскелердің санын азайтатын пәрменді шаралар қабылданды. Мәселен, 497 шақырым арық желілері салынды, 410 шақырым өзен арналары нығайтылды.

Нақтылы жүргізілген жұмыстардың арқасында 57 учаскенің су басып қалу қаупі жойылды, нөсер жаңбыр кезінде оларға еш зиян келген жоқ. Нәтижесінде қалада су астында қалу қаупі бар жерлер 4 есе азайды, яғни су басып қалуы мүмкін учаскелер 67-ден 17-ге дейін азайды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су басып қалу алгоритмі қайта жасалды, қатты жаңбыр болжамы бойынша қолда бар күштер мен мүмкіндіктер қауіпті учаскелерге жұмылдырылды. Қолданылған жедел шаралар мұндай қауіпті аймақтардың санын 7 есеге дейін төмендетті.

Су басып қалуы мүмкін 17 учаске бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жауын кәріздері, арық желілері салынып, басқа да нақтылы шаралар іске асуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.