• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тағы 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдар орнатылады

Ыңғайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып, Алматы қаласының көрнекті нысандарын архитектуралық жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл қаланың тағы 120 көшесінде жаңа LED-шамдар пайда болады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше айда Алматыда көше шамдарының 30%-ы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты және энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Жалпы алғанда, қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жақын арада 1400 км сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жоспарланып отыр, 42 мыңнан астам тірек қойылып, шамамен 46 мың LED-шамы орнатылады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда пайдаланылатын «қыздыруға» белгілі бір уақытты қажет ететін қыздыру шамдарына қарағанда, жарықдиодтар көрсетілген режимге бірден өтеді. Жарық ағыны мен жарықтық параметрлері тең болған жағдайда жарықдиодты шамдар газразрядты шамдармен салыстырғанда электр энергиясын 2,5 есе аз тұтынады.

Сонымен қатар, заманауи жарықдиодтар түс жіберу жоғарылығымен ерекшеленеді. Олардың минималды коэффициенті 70±10 Ra құрайды. Натрийлік шамдарда бұл көрсеткіш үштен бірге төмен. Яғни LED-шамдар, сипаттамасы жоғары болған жағдайда, заттарды табиғи түрде көруге мүмкіндік береді, бұл автокөлік жүргізушілері үшін өте маңызды.

Биыл Алматыда қалалық кеңістікті жаңарту жалғасады. Бүгінгі күні қаланың тарихи орталығының үштен екісі қайта жаңғыртылып, 524 көше мен әрбір үшінші аула жөнделді. 300 км арық пен 1000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жерасты өткелдері жаңартылды.

Жүзеге асырылып жатқан көлік реформасы аясында тек өткен жылы қала маршруттарына 500 жаңа автобус шығарылды. Биыл қаладағы автобус паркін жаңарту жалғасады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.