• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тағы 460-тан астам жаңа автобус жолға шығады

Алматыда көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт желісін ұлғайту жалғасуда. Биыл тасымалдаушылар тағы 460-тан астам жаңа автобус алуды жоспарлап отыр (соның ішінде маусым айында газбен жүретін 200 жаңа автобус жүре бастайды). 

Жаңа жылжымалы құрам Еуро-5 экологиялық стандартына сай келеді және кондиционер, бейнебақылау камерасы, пандуспен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері №65, №60, №14 сияқты жүктемесі жоғары бағыттарға 125 жаңа автобус шығарылды.

Айта кетерлігі, қаладағы автобус паркінің 80%-ке жаңаруына қолма-қол ақысыз төлем жасайтын «Оңай» жүйесін енгізу арқасында қол жетті. Егер бұрын автопарктер бюджет қаржысы есебінен жаңарса, қазір тасымалдаушылар өз қаржысын инвестициялауға мүмкіндік беретін ашық нарықтық тетікті ұтымды қолдануда.

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде ғана қаланың автобус паркі 80%-ке жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі іске қосылды, метроның екі бекетінің құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұдан өзге, 15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшамауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолдар тек түнде толық жабылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.