• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тағы бір автобус бағыты жаңарады

Қалада көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және бағыттар желісін көбейту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек №141 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

Бағыт бойынша 12 метрлік төмен еденді автобустар жүреді, олардың барлығы кондиционерлермен, шанақты еңкейту жүйесімен жабдықталған және Евро-5 экологиялық санатына сай.

Жаңа автобустар биылғы жылдың 30 желтоқсанында жолға шығып, Айнабұлақ ықшамауданы мен «Мост» аялдамасының аралығын қамтиды. Бағыттың барлық жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киген. Киімнің қысқы нұсқасы шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, свитшот немесе пуловерден және жылы курткадан тұрады.

Жалпы, биылғы жылы қала бойынша 479 жаңа автобус алынды, келер жылы тағы 600 автобус алу жоспарланған, олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен сатып алынуда.

Еске салсақ, таяуда BRT желісі аялдамаларында алғашқы электронды таблолар пайда болды, онда бағыт нөмірі және қоғамдық көліктің аялдамаға қай уақытта жететіні туралы хабарлама көрсетіледі. Бұл жоба да бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.