• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тағы екі бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда көлік реформасы аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыттар желісін ұлғайту жалғасуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде №31 және №81 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.

№2 автобус паркі бейнебақылау камераларымен, пандустармен жабдықталған «Yutong» маркалы төмен еденді көліктермен толықты.

№31 бағыт бойынша «Қазақфильм» ықшамауданы мен «Барлық» базарының арасына 17 жылжымалы құрам қатынайды. №81 бағытта Қожабеков көшесінен 71 разъезге дейін 14 автобус жүретін болады. Бағыттардағы қозғалыс тұрақтылығын 100% қамтамасыз ету нәтижесінде жолаушы ағыны екі есе артады деп күтілуде.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қолма-қол ақашасыз төлем жүйесі мен субсидиялауды енгізу барысында нарықтық механизмнің қалыптасқанын, осының арқасында тасымалдаушылардың жылжымалы құрамды жаңартуға қол жеткізгенін атап өтті. Қалада автобустарды жаңарту жұмысы одан ары жалғасады. Жыл басынан бері мегаполис жолдарына 125 жаңа автобус шықты. Биыл тағы 430-дан астам жаңа автобус алу жоспарланған, оның ішінде газбен жүретін төмен еденді 200 автобус болады.

Соңғы екі жыл ішінде қаланың автобус паркі 80%-тен астамға жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі бекетінің құрылысы жүріп жатыр, LRT жобасы қолға алынады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.