• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тағы екі мамандандырылған ХҚКО ашылды

Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әкімдіктің қолдауымен тағы екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосты.

Жаңа ХҚКО ғимараттары Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданы, 347/2 және Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданы, Серіков к-сі, 6а мекенжайларында орналасқан.

Мамандандырылған жаңа ХҚКО-ны ашу қажеттігі көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізушісі куәлігін ауыстыруға келетін азаматтар санының артуынан туындап отыр. Алматыда алғашқы мамандандырылған ХҚКО 5 жыл бұрын ашылды, содан бері автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан.

«Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түскен. Тіркелетін транспорттың 50% өзге қалалардан келген қызмет алушылар рәсімдейді. Олардың 80% - Алматы облысы, 20% - Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Бұл Саялы шағын ауданы мен Майлин көшесі, 85 мекенжайында орналасқан мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін көбейтті», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаев.

Сондай ақ ол көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1 мамандандырылған ХҚКО-да жүргізілетінін жеткізді.

Жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистер жұмыс істейді. Аталған қызметтерді көрсету ұзақтығы 1 сағатқа дейін қысқартылған.

Бүгінде электрондық үкімет порталы арқылы үш мыңнан астам көлік тіркеуге қойылған (Алматы қаласы бойынша – 550) және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша 13 мыңға жуық (Алматы қаласы бойынша – 1765) қызмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.