• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тау курорттарына дейін екі экспресс маршрут жүреді

Алматы қаласы әкімінің мегаполис пен Алматы агломерациясының тау кластері нысандарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қалалық мобилділік басқармасы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» және «Пионер» тау курорттарына дейін екі экспресс маршрутты іске қосады.

15 наурыздан бастап №209 және №210 маршруттар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен тау курорттары арасында аптасына үш рет – жұма, сенбі, жексенбі, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жүреді, қозғалыс интервалы -70 минут. Жолақы 300 теңге, 7 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін - толық құнының 50%-ін құрайды. Маршруттарға «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, туристік саланы дамыту мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Master Concept» австриялық компаниясы мегаполис пен Алматы агломерациясының айналасында тау кластерін дамытудың 2030 жылға дейінгі шеберлік жоспарын әзірледі, ол өңірдің барлық таулы жерлерін, оның ішінде Түрген, Ақ бұлақ, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көк жайлау, Шымбұлақ және Қаскеленді қамтиды.

Әзірленген шеберлік-жоспар шеңберінде 470 км жаяу және 85 км велосипед жолдарын, 45 км ат маршруттарын, сондай-ақ 250 км шаңғы трассаларын салу көзделген, бұл қолданыстағы жолдардан 6 есе артық. 

Ақпарат көзі: Алматы қ. Қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.