• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тиісті рұқсатсыз пәтер сатылатын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз сайтында үлескерлердің қаражатын пайдалануға рұқсат алмаған тәуекелді нысандардың тізімін жариялады.

Бұл ретте 2018 жылдың желтоқсанында мониторинг барысында интернет басылымдарда орналастырылған хабарламалар бойынша 13 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату деректері анықталды:

  1. «Новелла» ТК – «Люкс Недвижимость» ЖШС, Байзақов көшесі, Қабанбай батыр көшесінің қиылысы;
  2. Отау ТК – «Корпорация Век» ЖШС, Жамбыл көшесі, Жұмалиев көшесінің қиылысы;
  3. «Gúlder» ТК – «Сармат групп» ЖШС, Райымбек батыр даңғылы, Әшімов көшесінің қиылысы;
  4. «Terra» ТК — «Tau Development» ЖШС, Гагарин – Березовский – Короленко – Радостовец көшелерінің шеңбері;
  5. «Forum Plus» ТК – «Рамс Казахстан» ЖШС, Тимирязев көшесі, Байтұрсынов көшесінің қиылысы;
  6. «По Шаляпина» ТК – «Энергожилстрой» ЖШС, 12-ші шағынаудан, Шаляпин көшесі, Алтынсарин даңғылының қиылысы;
  7. «Весновка» ТК – «Қаблан» ЖШС, Жамбыл көшесі, Мұқанов көшесінің қиылысы;
  8. «Айсұлу» ТК – «TARLAN Development» ЖШС, Назарбаев даңғылы, Мәметова көшесінің қиылысы;
  9. «Orchard Residences» ТК – «Kumpulan Kazakhstan» ЖШС, Оңдасынов көшесі, 75;
  10. «Sholpan City» ТК – «Bayterek 2050» ЖШС, Торайғыров көшесі, Мұстафин көшесінің қиылысы;
  11. ЖК «Дом на Абая» - ЖШС Рамс Қазақстан, Абай даңғылы, Гагарин даңғылының қиылысы;
  12. «Атамекен» ТК – «Bi Group» ЖШС, Розыбакиев көшесі, Байқадамов көшесінің қиылысы;
  13. «Alatau Golf Residences» ТК — «Cordial Construction» ЖШС, Наурызбай ауданы.

Аталған тізім тиісті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласының прокуратурасына жіберілді.

Бүгінгі күні қалада 10 мың пәтерлік 40 коммерциялық тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңы (бұдан ары – Заң) қабылданған сәттен бастап заңдылықты қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды анықтау, жою және алдын алу мақсатында Алматы қаласының прокуратурасымен және құрылыс компанияларымен бірлесіп, үлестік құрылыс саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алу қажеттілігі бойынша бірнеше рет кеңес өткізілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсаттар саны 1-ден 57-ге дейін артты.

Сонымен қатар, Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы 2017 жылдан бастап барлық салынып жатқан нысандарға тиісті рұқсатсыз сату бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына және прокуратураға жіберіледі.

Бұған қоса «Жарнама туралы» ҚР Заңын сақтау бойынша жұмыс жалғасуда. Мәселен, 3 жарнама ұйымы пәтер сатуды жарнамалағаны үшін 650 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.