• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда ТМД-да баламасы жоқ жоғары технологиялы жаңа зауыт салынды

«Алматының 50 жобалар-драйверлері» бастамасы аясында мегаполистің Индустриалды аймағында «Tokyo Rope Manufacturing» трансұлттық корпорациясының инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын жаңа зауыты  техникалық тұрғыда ашылды. Кәсіпорынның ТМД-да баламасы жоқ және жапондық  инвестиция есебінен салынды. 

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жоғары технологиялы зауыттың ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік инвестицияны тарту және респбулика аймағында инновациялық өндіріс құру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ашылғанын  атап өтті. 

Жаңа кәсіпорында бұрғылайтын анкерлер, жоғары төзімді металл арқандар, тау және карьерлерде қолданылатын болат торлар шығаратын және техникалық параметрі жағынан өте құнды жабдықтар орнатылған.Зауыттың қуаты жоғары, жылына 17 мың тоннадан астам болат өнімдерін шығарады. 

«Tokyo Rope Manufacturing» директорлар кеңесінің төрағасы Шигето Танака   Алматының барлық өңірлерге озық жапон технологиясын таратудың құнды нүктесі болғанын атап өтті. 

•    «2016 жылы жобаның алғашқы фазасы жүзеге асып,«Tokyo Rope Almaty» зауытының өнімдері ТМД елдері мен   Парсы шығанағында, соның ішінде Сауд Арабиясының ірі жобаларында қолданыла бастады. Алматы зауытының шағын өнімдері Есентай өзені жағалауының,  Үлкен Алматы өзеніне дейінгі автожолдарды,Медеу- Шымбұлақ аспалы жол мен «Мыңжылқы» платинасының беріктігін арттыруда пайдаланылды.Мен бүгінгі бірігіп атқарылған жұмыстың Қазақстанға  жапондық инвестицияның жаңа  легінің  келуіне серпін беретіндігіне сенімдімін», - деді  Шигето Танака.

Жапондық компания 130 жылдан астам бұрын құрылған және болат арқандарын шығаруда әлемдік жетекші болып табылады. «Tokyo Rope» селге, тас, лай көшкіндеріне қарсы тұратын жабдықтар мен құрылғылар да шығарады. Жапон фирмасының болат арқандары әлемдегі 20 ірі көпірдің 12-сінің құрылысында қолданылды.Жапонияда шығатын әрбір төртінші автошинде Tokyo Rope өнімдері бар. Бұлардан өзге компания жедел лифтер мен инженерлік қорғаныс өндірісі үшін жоғары сапалы арқандар шығарумен де танымал. 

«Жалпы, Алматының Индустриалды аймағында қазыргі кезде құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі  салалары бойынша  40-тан астам ірі отандық және шетелдік жобалалар жүзеге асуда. Биылғы жылы 9 жаңа жоба енгізу жоспарланған, соның ішінде кабель өткізгіш өнімдерін шығаратын ресейлік  «КМК Investment» компаниясы, мұнай, газ су және  мұнай өнімдерін тасымалдау үшін үлкен диаметрлі болат құбырлар өндіретін қазақстандық- қытайлық «Asia Steel Pipe Corporation» кәсіпорны бар», - деді Алматы  әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.