• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тоғыз жаңа фонтан салынады

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаңа фонтан салу жоспарланған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланың тарихи орталығын жаңарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша  тапсырма берген еді.

Ұлттық кітапхана, «Жетісу» қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған. Жаңа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Маметова және Райымбек көшелерінің арасына салынады. 

Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар «құрғақ субұрқақтар» да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судың биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады. 

Айта кетерлігі, бұрын қайта жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңына қоса биылғы жылы мегаполистің бірқатар даңғылдары да жаңарады.

Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455  аула жаңарса, 2018 жылы қосымша 585  аула модернизацияланады. 

Жалпы, соңғы жылдары мегаполисте 180 км жол және 700 км инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтарының құрылыстары жүруде, магистралды көшелер үңгіленуде. Биылғы жылы  ұзындығы 155 км болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарларын жөндеу жоспарланған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.