• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда төтенше жағдай туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды

Жобаны Smart Almaty тұжырымдамасы аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласын дамыту орталығы және қазақстандық әзірлеуші компания - «I2NIK» ЖШС бірлесе іске асырды.

Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшет иелері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады, қазіргі уақытта қосымшаны 2000 желі пайдаланушысы жүктеп алған.

«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ моблиьді қосымшалар арқылы халыққа хабар беру тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлар (дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б.) туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қалалық ТЖД «Қазгидромет» және Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландыру жасайды. Ары қарай Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.

Мобильді қосымшалар сынақтан өтті және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті. Сонымен, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы SMS-хабарламамен бірге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайды.

Аталған қосымшаны App Store, PIay Market дүкендерінен «Darmen» деген атпен жүктеуге болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.