• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тұлғаны анықтайтын камералар орнатылады

Алматының Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын айтты. Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқықбұзушылықты азайтуға және қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені іске қосу жоспарланып отыр.

«Негізінде «ақылды камералар» пилоттық жоба аясында тек Көк базар аумағында орнатылады. Отандық ойлаптапқыштардың өнімі тұлғаның кім екенін және нөмірді анықтауға, адамның не көліктің ереже бұзу деректерін әшкерелеуге және жоғалған заттарды табуға мүмкіндік береді», - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің өкілдері, жоба белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылатынын атап өтті. «Бұл жан-жақты талқылаудан өтетін жобалардың бірі ғана. Бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деді әкімдік өкілдері.

Ақпарат көзі: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.