• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тұрақ мониторингі жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба аяқталды

Алматыда қаланың ақылы тұрақ аймақтарында мониторинг және талдау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба аяқталды. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласын дамыту орталығының және Cisco Systems, Inc компаниясының қолдауымен іске асырылды.

Қазақстандық «IziGo» стартап компаниясы әзірлеген бейне-талдау жүйесі Cisco бейнекамераларынан ақпарат алады және компьютерлік көру алгоритмдерінің көмегімен бос тұрақ орындарының бар-жоғын анықтауға, талдауға және автокөлік иелерін ескертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар машиналардың жалпы санын, өткізу қабілетін, жүктеме жоғары болатын уақытты және т.б. анықтауға болады.

Пилот шеңберінде жобаның техникалық архитектурасы және сурет бойынша бос тұрақ орындарын анықтау үшін компьютерлік көрудің бағдарламалық қамтамасыз етуі әзірленді. Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы пилоттық учаскеде жүйенің барлық компоненттерінің монтажы жүргізілді (30 орындық тұрақ).

Жүйе мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 1 тамызынан бастап 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін тұрақ орындарының орташа жүктемесі 55%-ті құрады, әр автокөлік тұрақта орта есеппен 28 минут болды, орта есеппен 12 автокөлік тұрақ ережесін бұзды.

Болашақта бұл жүйе Cisco-ның ақылды қалаларға арналған Cisco Kinetic шешімімен ықпалдастырылады. Сондай-ақ көлік жүргізушілерін тұрақ орындары туралы ақпараттандыру үшін қарапайым пайдаланушы интерфейсін құру және автоматтандырылған тұрақ географиясын кеңейту жоспарда бар.

«Бұл жоба - қазақстандық стартап пен жаһандық вендордың өзара іс-қимылының тамаша мысалы. Cisco жергілікті өндірушілер мен стартап компанияларды дамыту идеясын көздейді және Cisco-ның ақылды қалаларға арналған жетекші шешімдерімен үйлесетін бәсекеге қабілетті өнімдерді белсенді іздеуде. Біз жабдықтарды, платформалар мен интерфейстерді ұсыну, халықаралық нарыққа шығуға көмектесу арқылы жергілікті әзірлеушілерді қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті Cisco-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Владимир Соболев.

Қалалық инфрақұрылымды басқаруды цифрландырудың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, тұрақ орындары мен ақылы тұрақтарды қадағалауды автоматтандыру инвестициялардың қайтарымы барынша жоғары бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар түрлі бағалаулар бойынша, бос тұрақ орындарын іздеу ірі қалалардың орталық көшелерінде 20%-тен 40%-ке дейін трафик құрады, тиісінше нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу және бос тұрақ орындары туралы деректерді беру көлік ағынының орташа жылдамдығына оң әсер етеді.

Алматының орталығында ақылы автотұрақтар енгізілген, осы ретте бос тұрақ орындарын қадағалауды автоматтандыру көлік иелері үшін бұл қызметтің құндылығын арттыра алады (тұрақ орнын іздеуге уақыт үнемделеді).

Қазақстанда цифрландыруды жеделдету бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдан бастап Cisco ел үкіметімен үш бағытта жұмыс істеп келеді: мемлекеттік органдар мен ірі бизнес үшін пилоттық шешімдерге инвестициялар; әзірлеушілердің жергілікті экожүйесін дамыту; адами капиталды дамыту.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.