• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тұрақтандыру қоры аясында қаланың дәріханаларына 40 млн орама дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды жеткізу қарастырылған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлімдеді.

Пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін екендігін, сондай-ақ күзгі-қысқы аурулардың өршитінін ескере отырып, қор құрылды, оған 10 млрд тг бөлінді Осы қордан 5 млрд тг Алматы қаласының дәріханаларына дәрілік заттарды үздіксіз жеткізуге және 5 млрд тг Алматы қаласының стационарлары мен емханаларына дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарын жеткізуге бөлінді.

«Тұрақтандыру қоры аясында дәріханаларға жеткізілетін медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектердің жалпы көлемі 40 млн қаптамадан кем емес. Оның 26,8 млн қаптамасы жеткізілген. Бұл ретте міндетті түрде үш айлық жеткізу көлемінің 40%-ын құрайтын, азайтылмайтын қор жасалады. Бұл шамамен 8 млн-нан астам медициналық дәрі-дәрмектер мен бұйымдар», — деді Заңғар Сәлімбаев.

Сонымен қатар, ол 12,8 млн дәрі мен 19,5 млн жеке қорғаныс құралдары сатып алынатын резервтік қор бар екенін айтты. Бұл бір реттік және қайта пайдалануға болатын қорғаныс костюмдері, үш қабатты маскалар, төрт аяқты респираторлар, қолғап, бахилалар, бас киімдер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, 29 маусымнан бастап ірі жеткізушілермен, дистрибьюторлармен және фармацевтикалық препараттарды өндірушілермен белсенді жұмыс жүргізілуде. Уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде дәрілік препараттар нарығындағы жағдай тұрақты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.