• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың проблемалық мәселелері талқыланады

2018 жылғы 16 қарашада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалық мәселелерді талқылау бойынша қоғамдық қабылдау өтеді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың, «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ-тың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелерге қатысты өтетін қоғамдық қабылдауға қызығушылық білдіретін барлық тұлғаларды шақырады.

Қоғамдық қабылдау 2018 жылдың 16 қарашасында сағат 11.00-де Абылай хан даңғылы,74а мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың 3-ші қабаттағы акт залында өтеді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.