• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда туристік хаб ашылды

Туристік хаб Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына өңірдің көрікті жерлері жайлы ақпарат алу, қолжетімді сапарлар, жол көрсеткіштер жөнінде кеңесу, естелік сыйлықтар, кәдесыйлар сатып алу, демалысын ойдағыдай өткізу мүмкіндігін береді, деп хабарлайды Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы.

Қазақстандағы алғашқы туристік хаб Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында орналасқан. Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Мақсат Кикимовтың айтуынша, келер жылы алғаш рет 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірленеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты туризмнің ІЖӨ-дегі үлесін 8 пайызға дейін жеткізу болмақ. Бүгінде бұл көрсеткіш Алматыда 1,5 пайызды құрайды. Туристік хаб мемлекеттік бағдарламадағы мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді.

2018 жылдың екінші тоқсанында Алматыға келген туристер саны 503 000-ға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7% артық. Басым бөлігі Ресейден келетін туристер (102 000 адам), кейінгі орындарда Қытай (32 000 турист) мен Өзбекстан (24 000) тұр. Түркия, Үндістаннан келетіндер де аз емес.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.