• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда Үлкен Алматы көліне баратын жол жөнделеді

Алматыда Үлкен Алматы көліне баратын жол жөнделеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пішембаевпен кездесуі барысында белгілі болды.

Қазір республикалық маңызы бар Р-22 «Алматы-Космостанция» жолы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ балансында. Ұлттық компания ЖСҚ әзірлегеннен кейін жоба қалалық құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін әкімдікке беріледі.

Жол инфрақұрылымын реттеу туризмді одан ары дамытуға серпін беріп, жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ төтенше жағдай бола қалса, арнайы техниканың Үлкен Алматы көліне жету уақытын қысқартады.

Жалпы қаланың балансына ұзындығы 58 км болатын республикалық маңызы бар 8 жол беріледі. Оның ішінде Алматы-Бішкек тас жолының 4 км учаскесі («Алтын Орда» базары) күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін қаланың коммуналдық меншігіне қабылданады.

Ақпарат көзі: Алматының қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.