• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда ұмыт қалған субұрқақтар жөнделді

Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында жаңарған даңғылдарға бірнеше жаңа фонтан салынды. Сондай ақ қаланың тарихи орталығын жаңарту кезінде «ұмыт қалған» субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды.

Алматы қ. әкімдігінің мәліметіне сәйкес, ҚТЖ ғимараты алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнында жаңа фонтан пайда болды. Назарбаев даңғылы бойында бірнеше жаңа әрі құрғақ субұрқақ іске қосылды.

Абай даңғылы бойындағы жаңа фонтандар да көпшіліктің көңілінен шығады, оның ішінде Спорт және туризм академиясы мен бұрынғы Түрксіб ауруханасының ғимараты алдындағы фонтандар көз тартады. 

Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы фонтан құрылысы аяқталды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы фонтан жөнделді.

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында бірнеше жаңа фонтан жұмыс істей бастады.

Абылай хан даңғылының Шевченко және Қарасай батыр көшелерімен қиылысындағы ескі фонтандар жаңартылды. Құрманғазы атындағы консерватория алдына жаңа фонтан салынды. Бұлардан өзге, Алматы-2 теміржол вокзалының маңайында құрғақ фонтандар пайда болды.

Реконструкциядан өткен Орталық саябақтың шығыс жағында жазғы сахна маңында алма ағашы бейнесіндегі түрлі бояумен айшықталған жаңа фонтан көз тартады. Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған субұрқақ жөнделіп, іске қосылды.

Жаңа фонтандар салу мен ескілерін жөндеу кезінде қайтарма сумен қамтамасыз ететін, әрі пішінді, су қарқынын, галогенді шамдар беретін түрлі түсті жарық көздерін басқаратын озық технологиялар қолданылды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.