• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда үш мезгіл тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Алматы қаласы Орталық мешіті және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен «УАҚЫП» асханасы ашылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, «УАҚЫП» асханасы жыл бойы әр аптаның бес күнінде жұмыс істейді.

Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам сапалы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ күніне бір кірген адам қайта кіру мүмкіндігіне ие.

Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондар арқылы ғана кіре алады.

Асхана Сейфуллин даңғылы №330, Радищев көшесінің қиылысында орналасқан.

Қосымша ақпарат үшін тел.: 8 778 100 3939; 8 708 213 7023; 8 775 719 9957

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.