• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда үй құстарын тіркеу туралы

Қазақстанның бірнеше облысында (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстары) «жоғары патогенді құс тұмауы» аса қауіпті ауруымен құс ауруының өршуі тіркелді. Түркістан облысында да ауру бар деген күдік туындады.

Жоғары патогенді құс тұмауы – бұл жалпы жабығу, ісіну, көптеген қан кетумен және ішкі ағзалардың, мидың және терінің зақымдануымен сипатталатын үй және жабайы құстардың өткір, жұқпалы вирустық инфекция. Құс ауа жетпей тұншығады, айдары мен иегі көгеріп, жұмыртқалауы 100%-ке дейін төмендейді. Бұл ауруға құстардың барлық түрі, соның ішінде тауық, күркетауық, үйрек, қырғауыл, Гвинея құстары, бөдене, меңіреу құр құстары, лейлек, шағала және синантропты құстардың барлық дерлік түрлері (көгершін, торғай, қарға, шаған, үйрек, шауқарға және т.б.), жабайы экзотикалық және сәндік құстар, сондай-ақ шошқа, жылқы, күзен, тышқан, мысық, ит, басқа омыртқалылар мен адамдар сезімтал болып келеді. Құстардың тұмаумен ауыруы 80%-тен 100%-ке дейін, ал өлім-жітім 100%-ке дейін жетуі мүмкін.

Шөжелер мен күркетауықтар вирусқа әлдеқайда сезімтал. Тауықтарда вирустың жоғары патогенді штаммынан туындаған ауру көбінесе тез, ауру белгілерінсіз және 100% өлімге әкеледі.

Вирустың табиғаттағы негізгі көзі – жабайы құстар. Суда жүзетін құстар вирусты ішекте алып жүріп, оны қоршаған ортаға сілекей және тамшылармен шығарады. Олардан ең алдымен суда жүзетін құстар - үйрек пен қаз жұқтыруы мүмкін.

Ұшып-қонатын құстар бұл ауруды ұзақ қашықтыққа таратып тастайды. Адам инфекцияны жабайы және үй құсымен тығыз байланыста болғанда жұқтыруы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда ауру құстардың еті мен жұмыртқаларын жеткілікті термиялық өңдеусіз жеген кезде ауру жұғуы ықтимал.

Осы аурудың жоғары қауіптілігін ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі уақытта аталған аурудың өршуін тоқтату үшін шұғыл шаралар жүргізуде. Республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Алматы қаласының аумағында ұсталатын құстарды профилактикалық вакциналау мәселесі пысықталуда.

Осыған байланысты Алматы қаласының «Қалалық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК құс иелерінен бұл мәселеге барынша байыпты қарауды және кәсіпорынның ветеринария бөлімінде өз үй құстарын 100% тіркеуді қамтамасыз етуді сұрайды.

Ол үшін үй құстарының иелері 269-90-06 (ішкі 705) телефон нөміріне немесе кәсіпорынның қала аудандарына бекітілген ветеринариялық дәрігерлеріне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуы қажет:

  • Алмалы ауданы

вет. фельдшер Мұқымжан Ақерке, +77073701111

  • Алатау ауданы

вет. дәрігер Мыңжасаров Сәбит, + 77773695976

  • Әуезов ауданы

вет. фельдшер Әлімғожаев Жомарт, +77772008007

  • Бостандық ауданы

вет.дәрігер Маткаримов Сәбит, +77027000613, 7088328865

  • Жетісу ауданы

вет. дәрігер Арысбеков Еркін, +77475867097

  • Медеу ауданы

вет. дәрігер Мошан Ердос, + 77753654559

  • Наурызбай ауданы

вет. дәрігер Төлекұлы Ардақ, +77471565536

  • Түрксіб ауданы

вет. дәрігер Кәрімов Жомарт, +77073860692

Құстар тұмаудан өлген жағдайда келтірілген зиян үшін өтемақы жергілікті атқарушы органның шаруашылық кітабында тіркелген құстар үшін ғана төленетін болады.

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II ҚР Заңының 25-бабы 6 және 7 тармақтарының талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 406 бабына сәйкес айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.