• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Волонтерлар үйі ашылады

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың волонтерлар ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

20-дан астам волонтерлар ұйымының өкілдері қатысқан кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Волонтер жылы деп жариялаған биыл атқарылатын жұмыстардың жоспарын талқылау.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, жанашыр тұрғындар қала тыныс-тіршілігінің барлық дерлік салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналған.

Кездесу кезінде айтылған ұсыныстар – мейірімділіктің қалалық шеруін, экологиялық жүгіруді ұйымдастыру, қаланы жасылдандыруға қатысу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушыларға арналған заңнамалық сауаттылық бойынша сабақтар өткізу. Аз қамтылғандарға, жалғыз басты қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға көмек көрсету маңызды. Сонымен қатар волонтерлар донорлықты қолдайды әрі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін үйретеді. Қалдықтарды бөліп жинау, хайуанаттарды қорғау мен құтқару мәселелері де өзекті.

Қала әкімі Б. Сағынтаев волонтерлық жобалардың барлығы қолдау табатындығын айтты.

«Волонтерлық қозғалыс салиқалы әлеуметтік-жауапты іске айналуда. Сондықтан волонтер топтарын дайындау, бірыңғай ақпараттық база құру маңызды. Күш-жігеріміз бен ресурстарды біріктіре отырып, біз бұл міндеттердің барлығын шешеміз. Осы мақсатта волонтерлар мен қоғам өзара іс-қимылының тиімді алаңына айналатын Волонтерлар үйін ашамыз», - деп қорытындылады сөзін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Кездесуде «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ-ның төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Мейірімділер клубы» жобасының үйлестірушісі Динара Асанова, Lider.kz ҚҚ-ның үйлестірушісі Дильмира Блац, «Қуаныш сыйлаймыздың» үйлестірушісі Кира Ударцева және басқалары өз ұсыныстарымен бөлісті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.