• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Әйтеке би көшесінің бір бөлігі 3 аптаға жабылады

21 мамырдан бастап 10 маусымға дейін Әйтеке би көшесінің Сейфуллин даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Уақытша шектеулер осы көшенің қозғалыс бөлігі астынан өтетін жылу магистралін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіледі. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыратын Алматының инженерлік желілерін қайта жаңарту қалалық жылумен жабдықтау жүйесі жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.

Ақпарат көзі: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.