• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Алматыда 3 қазан күні сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді.

Бірінші кезең – электрдабылын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай дабылын беріп, теле-радио арналарын автоматты түрде қамтумен халықты хабардар ету. «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеген смартфон пайдаланушыларына мәтіндік хабарлама жіберіледі. Айта кетерлігі, қосымша пайдаланушыға Алматы маңында орналасқан сейсмодатчиктер іске қосылған кезде жер сілкінісі туралы push-хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Екінші кезең - практикалық оқу-жаттығу Алатау ауданындағы №180 орта мектептің аумағында өтеді. Мұнда құтқарушылардың іс-қимылы көрсетіледі, үйрету тренингтері өтеді, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» видеоойыны ұсынылады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушыларға буклеттер, плакаттар және қала әкімдігі мен ТЖД бірігіп жасаған «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбындағы көрнекі құралдар таратылады. Сауда орындарында «Қазақстанның Қызыл Жарты айы» қоғамдық бірлестігі мен Еріктілер лигасы «Жер сілікінісі кезіндегі халықтың іс-қимылы» тақырыбында флешмобтар өткізеді.

Мектептерде, ауруханалар мен емханаларда шартты түрде зардап шеккендерді қабылдайтын пункттер ашылады. Жалпықалалық сейсможаттығу жыл сайын халықты жер сілкінген кезде жасайтын іс-қимылдарға дайындау мақсатында өтеді. ҚР БҒМ Сейсмология институтының ұзақ мерзімді болжамы бойынша қала аумағында 7 және одан жоғары баллдағы интенсивті жер сілкінісі болмайды.

Осыған байланысты, қалалық ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарын шараға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауға, сейсможаттығуға белсенді қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.