• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жаңа қандай жолайрықтар мен көшелер пайда болады

Бүгінде қалада 3 жолайрықтың құрылысы жалғасуда - Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесі, Бұқтырма – Құлжа жолы. 2 көше ұзартылуда - Абай даңғылы Әуезов көшесінен қала шекарасына дейін, Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін.

Сүйінбай даңғылының Б.Хмельницкий көшесінен Шолохов көшесіне дейінгі аралығы жөнделді, Шолохов көшесінен солға бұрылыс жасалды. Ұзындығы 1035 км.

Абай даңғылын ұзарту бойынша, ұзындығы 3 км болатын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін екі жағында тротуарлар мен велосипед жолдары бар алты жолақты жол салу қарастырылған (әр бағытта 3 жолақтан). Сондай-ақ Әуезов көшесімен қиылыста жолайрық салу қарастырылған.

Саин көшесін ұзарту бойынша, ұзындығы 3,2 км болатын Рысқұлов даңғылынан Ақын Сары көшесіне дейін екі жағында тротуарлар мен велосипед жолдары бар алты жолақты жол (әр бағытта 3 жолақтан), сондай-ақ екі жолақты жергілікті көшелер салу қарастырылған.

Сонымен қатар бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Қазіргі уақытта 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүріп жатыр.

8 шағынауданда жол құрылысы, 304 көшеде ұзындығы 84 км болатын жаңа жолдардың құрылысы жүріп жатыр.

Көліктердің бетпе-бет соқтығысуын болдырмау үшін Рысқұлов даңғылы бойымен Күдерин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін ұзындығы 3,5 шақырым болатын ортаңғы жолаққа жол тосқауылын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі мен 30 бағдаршам нысанын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, сондай-ақ реттелмейтін 70 жаяу жүргіншілер өткелін LED жарықтандырумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобаларды іске асыру 2021 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтарды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.