Алматыда жаңа №212 бағыт ашылды. Ол Жандосов кентінен Абай және Гагарин даңғылдары қиылысындағы «Алатау» метро бекетіне дейін барады. Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, бағытта «Оңай» жол ақысын электронды төлеу жүйесімен жабдықталған 10 автобус жүреді. Қозғалыс интервалы - 20 минут. Қызмет көрсетуші – «Алматыэлектротранс» ЖШС.