• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік бағасы тұрақты

Алматыда Жаңа жыл мерекесінің алдында бағалардың күрт өсуі байқалмайды, деп хабарлайды қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы.

«Меркенің алдында сұраныстың артуына байланысты бағаның аздап құбылуы ықтимал. Жалпы алғанда, азық-түлік бағасына деген орташа көрсеткіш тұрақты. Бір аптаға жасалған мониторинг бойынша, жұмыртқаның бағасы 0,6%, сары май бағасы 0,5% ғана артқан», - делінген мекеменің хабарламасында.

Бұл ретте кейбір азық-түлік түрлеріне бағаның керісінше, төмендеуі байқалады. Айталық орамжапырақ бағасы 2,9%, сәбіз бен қант бағасы 1% төмендеген.

«Сондай-ақ осыған дейін жасалған азық-түлік бағасын шекті деңгейден асырмау жөніндегі келісімдерге сәйкес, жылыжай өнімдерінің құны бұрынғы деңгейде қалып отыр. Мәселен, жергілікті өндірушілердің қызанақтары келісіне 500 теңгеден, қызыл бұрыш - 750, қияр 600 теңгеден саудаланып жатыр»,-деп қосты басқарма өкілдері.

Мерекелердің қарсаңында ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері азық-түлік дүкендері мен қаланың 17 базарымен бағаларды негізсіз өсірмеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі желтоқсанның 29-нан 31-іне дейін жалғасатыны хабарланды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.