• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жаңартылған 5 экопост пен жылжымалы экопатруль жұмыс істей бастады

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская хабарлады. Оның айтуынша, экологиялық бекеттер арнайы құралдармен – газ талдағыштармен және түтін өлшегіштермен жабдықталған. Мамыр айының соңына дейін 9 жаңа экопост орнатылып, қолданыстағы 10-ы жаңғыртылады.

Барлық экологиялық бекетте кезекші эколог-операторлар және Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың міндеті – қоршаған ортаны ластайтын автокөліктерді тоқтату.

«Экологиялық жағдайды жақсарту үшін жүк көлігінен, мамандандырылған және құрылыс техникасынан шығатын газдың залалсыздығын тексеру күшейтілді», - деді Н. Ливинская.

Спикер экологиялық бекеттерде көпкомпонентті газ талдағыштардың көмегімен бензин және көгілдір отынмен жүретін автомобильдерден шығатын газ құрамында көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді бар-жоғы тексерілетінін түсіндірді. Дизельді машиналардан шығатын газдың түтіндігі тексеріледі.

Экобекеттер мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде барлығы 60 мың өлшем жасалды. 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Бұзушылық анықталған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде хаттама толтырылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.