• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Жандосов көшесі бойындағы Ақсай өзені арқылы өтетін көпір қайта жасалды

1963 жылы салынған көпір қазіргі уақытта Наурызбай және Қарасай аудандары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. 2015 жылы тексеру негізінде көпір апатты деп танылған.

«Ескі көпір толығымен бұзылып, жаңасы салынды - тіреуіштер мен қабырғалар орнатылды, гидроизоляция жүргізілді, өтпелі плиталар мен аралық құрылыстар монтаждалды, бөгет және қоршаулар қойылды, екі қабатты асфальт-бетон жабыны төселді. Қайта салу барысында көпір кеңейтіліп, 4 жолақты қозғалыс және екі жағынан тротуар жасалды. Қабылданған шаралар осы көпірдің үстінде көлік қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Алматының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Еске салсақ, өткен аптада қайта жөндеуден кейін «Медеу» - «Шымбұлақ» көпірі ашылған болатын.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.