• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жапондық сакура аллеясы пайда болады

Алматыда Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын Сакура аллеясы пайда болады. Бүгін салтанатты рәсім кезінде Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope International» трансұлттық корпорациясының президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды.

Жапония Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға сапары барысында телекөпір арқылы болат өнімдерін шығаратын алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосқан еді. Жапондық іскерлік клуб аясында өткен жылы мегаполистің Индустриалды аймағында екінші жоғары технологиялы зауыт ашылды.

Жапон компаниясының президенті Сато Казунори өз сөзінде әлемнің әр бұрышынан жыл сайын миллиондаған туристің күншығыс еліне келіп, ағаштардың қалай гүл ашатынын көретінін айтты. Ол Алматыда сакура ағаштарын отырғызу екі ел арасында достық пен мәдени байланыстарды нығайтудың символы болатынына сенім білдірді.

«Біз Алматы климатына сай келетін сакура түрін таңдадық. Алғашқы кезеңге 100-ден астам ағаш әкелдік, одан да көп отырғызуды жоспарлаудамыз. Алматылықтар туған қалаларынан шықпай-ақ оның гүлдегенін көре алады. Біз қазір әкімдікпен бірге әл-Фараби даңғылының жоғары жағында Есентай өзенінің жағалауын бекітумен айналысып жатырмыз. Мұнда өзіміздің жаңа технологиямыз – Rock Boxты қолдандық. Бұл - алюминий мен цинктің қоспасынан жасалған берік және ұзақ мерзімді инженерлік қорғаныс жүйесі. Әлемде оған балама жоқ. Оның экологиялығы маңызды. Тіпті балық үшін де, өйткені ол уылдырығын таста қалдырады. Бетонға қарағанда алматылық зауытта өндірілетін Rock Box бұған мүмкіндік береді. Сакураны отырғызу - достық символы. Біз болашақта тарихи қала Киотоның экостилінде нағыз жапондық мейрамхана ашуды жоспарлаудамыз, 3 миллионға жуық доллар жұмсай отырып, жағалауды бекіту жұмыстарын жалғастырамыз», - деді Сато Казунори.

Айта кетерлігі, қаланы дамыту жөніндегі кеңестердің бірінде Елбасы мегаполисте жасыл желек қорын ұлғайтуды тапсырған еді. Қабылданған «Jasyl Meken» бағдарламасы аясында Алматыда өткен демалыс күндері 7 мыңға жуық ағаш отырғызылды, олардың арасында қайың, шаған, емен, шырша, жөке және басқа да түрлері бар. Жалпы биылғы көктемде 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.