• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбыры мен 207 км кәріз желісі салынғанын және жөнделгенін айтты.

Нәтижесінде, қаланың 90 мың тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас қанат, Қарасу, Алтын бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Трудовик, Таугүл-3 ықшамаудандары, З.Космодемьянская, Горновосточный, Грановский көшелері) пайдаланатын болды.

Қазіргі кезде бұл желілер пайдалануға беріліп, аталған елдімекендердегі үйлерді орталық су желісіне қосу жұмыстары басталды. «Алматы су» МКК мен тұтынушы арасында келісімшарт жасалған соң абоненттер орталық желі қызметін қолданатын болады.

Биыл 167 км су және 147 км кәріз құбырларын салу жоспарланған, қазірдің өзінде 8 км су және 75 км кәріз желілерінің құрылысы (Думан, Әйгерім, Жұмысшы кенті, Құрылысшы, Өжет, Шаңырақ-5, Қайрат, Қарасу, Шапағат (Заря-Востока), Көкшоқы ықшамаудандары мен Радуга, Қазыбаев, Боралдай, Галилей көшелері) аяқталды.

Бұдан өзге, Алматы тұрғындарын үздіксіз сапалы сумен қамтамасыз ету үшін КУСТ-19, Западная-1, ГНТК-2, Балқаш су жинағыштары мен кәрізге арналған насосты стансаларда ( Тастақ, Бекмаханов, Көкқайнар, Трудовик) жөндеу жұмыстары жүруде.

8 ықшамауданның (Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Бірінші май, Алғабас, Боралдай) 40 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ету үшін желілер салу жұмыстары басталды. Олардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 142,8 км, кәріз желілерінікі – 106,9 км.

3 ықшамауданның (Ақжар, Каменск шатқалы, Көлсай) 18 мың тұрғынын сумен қамту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байқау жарияланды, бұлардағы су құбырының ұзындығы 50,1 км, кәріздікі – 23,3 км.

53 мың тұрғынды қамтитын 8 ықшамаудан бойынша (Шұғыла, Қарғалы, Қарағайлы, Тастыбұлақ, Таусамалы-Каменка, Сұлусай, Бутаковка, Теректі) жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жыл аяғына дейін мемсараптама оң қорытынды берсе, 117,6 км су, 110,2 км кәріз желілерін тарту жоспарланған.

«Алматы Су» МКК бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Берік Жамбылов 2019 жылы кәсіпорын тарапынан сумен жабдықтау шараларына 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты. 11,7 км су құбыры жөнделді, тозған 2,8 км желі, өрт сөндіретін 142 гидрант, 337 ысырма жаңарды.

500 км астам су құбыры мен 300 км астам кәріз желісі, 70 км кәріз құбыры, 22 мың құдық жуылып, тазартылды. Өрт сөндіретін 881 гидрант, 2250 шектеулі арматура және 566 насосты қондырғы, 248 жабу клапаны жөндеуден өтті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.