• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жолайрықтары жөнделеді

Алматы тұрғындарының көптеген өтінішіне байланысты қалада 5 жолайрықтың тіреуіш қабырғалары орташа жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне 10 жылдан асып кеткен, соның салдарынан кейбір жерлерде плитка құлап, су аққан.

Жөндеу жұмыстары барысында плитка алынып, қабырғалар сылақпен әрленеді. Сәуірдің 13-нен 14-не қараған түні Сайын көшесі мен Абай даңғылы қиылысындағы жолайрықта жұмыс басталады. Жөндеу жұмыстары шамамен мамыр айының соңына дейін жалғасып, кейін Сайын –Жандосов, Сайын – Шаляпин көшелері, әл-Фараби – Назарбаев, әл-Фараби – Достық даңғылдарында басталады. 5 жолайрықты орташа жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары кезінде жолайрықтардағы қозғалыс жолақтары ішінара жабылады. Жұмыстар сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін және сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі.

Алынған плиткалар білім беру және денсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу кезінде пайдаланылады. Қазір әлеуметтік нысандардан өтінімдер жиналу үстінде.

«Қабырғаларды сылақпен әрлеу үнемдірек, әрі экологиялық және қауіпсіз болып саналады. Бұл келесіде жолайрықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізгенде шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Қалалық мобилділік басқармасының мамандары.

Жөндеу жұмыстарына 75 жұмысшы және 12 арнайы техника тартылады.

Ақпарат көзі: Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.