• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бес көшеде қозғалыс шектелді

Алматыда 1 сәуірден бастап жол-құрылыс жұмыстарына байланысты келесі көшелерде қозғалыс шектелді:

  • Абылай хан даңғылы Абай даңғылынан Алматы-2 темір жол вокзалына дейін;
  • Гоголь көшесі Назарбаев даңғылынан Әуезов көшесіне дейін;
  • Қарасай батыр көшесі Мұқанов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
  • Абылай хан даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі орам ішіндегі жол;
  • Бөгенбай батыр көшесі Байтұрсынов көшесінен №172 үйге дейін.

Жол-құрылыс жұмыстарын «ПСФ АЛОНС» ЖШС компаниясы жүргізеді. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.