• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жылу құбырының жөнделуіне байланысты көше қиылысы жабылып, №1 және №12 бағыттағы троллейбустар тоқтатылады

Қазіргі уақытта Шөкин көшесінде жылу магистралін жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 3 мамыр сағат 22:00-ден 5 мамыр сағат 05:00-ге дейін Шөкин және Гоголь көшелерінің қиылысындағы жол учаскесі жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында №1 және №12 бағыттағы троллейбустардың қозғалысы баламалы айналып өту жолдарының болмауына байланысты тоқтатылады. Ал №56 автобус Гоголь – Байзақов – Әйтеке би – Исаев – Гоголь көшелері – ары қарай бекітілген бағыт сызбасы бойынша жүреді.

Ақпарат көзі: Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.