• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгінгі күннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын.

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады.

Қалада барлығы білім берудің – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

Айта кетерлігі, қалада бұрын жылу 15 қазаннан соң, яғни үш күн ішінде ауаның тәуліктік орташа температурасы 8 градустан төмен болғанда берілетін. «Қазгидромет» мәліметі бойынша Алматы мен облыста қазанда орташа айлық ауа температурасы +6 +12°С шамасында болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.