• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жылыту маусымының алдында халықтың әлеуметтік осал тобы үйлерінің 100 пайызы өртке қарсы тексеруден өтті

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Арман Байгелов айтты.

А. Байгеловтың хабарлауынша, жалпы Алматы қаласы бойынша қатты отынмен жылытатын 1899 тұрғын үй бар, олардың 605-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының баспаналары. Жылыту маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті алдын алу шараларын жүргізуде. Өртке қарсы алдын алу көмегіне мұқтаж әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 945 үй жеке топқа бөлінген.

«Бүгінгі таңда Департамент жергілікті полиция қызметі және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік осал топқа жататын 945 үйді тексерді. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен улы газды анықтайтын 40 датчик сатып алынып, орнатылды. Датчиктар әлеуметтік осал және жағдайы төмен топтағы азаматтадың үйлеріне орнатылуда», — деп хабарлады Арман Байгелов.

3 жыл ішінде барлығы 1181 датчик орнатылды. Тұрмыс жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 3722 жадынама таратылған және бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа жарамдылығы және оларға техникалық қызмет көрсету тексерілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.