• eng
  • қаз
  • рус

Алматыдағы орындықтардың бірінде Гагариннің ескерткіші пайда болды

Алматыда фирмалық орындықта отырған скафандрдағы ғарышкер Юрий Гагарин бейнеленген инсталляция пайда болды. Әзілге құрылған композиция қоладан жасалған және Гагарин даңғылында, Абай даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан.

Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендері бірінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді.

Бұл арт-объект селфи үшін тартымды ғана емес, сонымен қатар өткен күннің белгісі болып табылады, өйткені адамзат тарихында алғаш рет Юрий Гагарин Қазақстан жерінен ғарышқа аттанған болатын. Жоба авторлары Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының жас студенттері Азамат Қабыл мен Ақылбек Шәкен. Жобаны жүзеге асыруға «BI Group» құрылыс компаниясы қолдау көрсетті.

«Біздің ойымызша мүсін қала ландшафтымен жақсы үндестік тауып тұр, аллеяны жандандыра түсуде. Алматыда мұндай объектілер көп болады деген үміттемін. Себебі олардың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Оның үстіне бұл жас суретшілердің қалыптасуына оң ықпал етеді», - деді Азамат Қабыл.

Еске салсақ, бұрындары Төлебаев көшесінің бойына «Кино» тобының солисі Виктор Цойға ескерткіш қойылған еді. Бұл дестинация қазір қала тұрғындары мен Алматы қонақтары жиі келетін орынға айналды.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.