• eng
  • қаз
  • рус

Алматыға тағы 200 жаңа автобус келді

№48, 59, 69 және 71 бағыттар бойынша жылжымалы құрам толық жаңартылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар №8, 12, 19, 44, 56, 70, 74, 77, 123, 124, 137 бағыттарда қосымша жаңа автобустар шығады. 

№205 бағытта жаңа магистральды қозғалыс ашылады, ол Райымбек даңғылы бойымен «Барлық» базарынан қаланың бастыс жағын және «Жетісу» базарының шығыс жағын қамтиды. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жаңа 20 автобус қызмет көрсетеді.

Алматы агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелең қаласына қатынайтын ұзындығы 12 метрлік автобустар жүретін жаңа бағыт ашу жоспарлануда.

Алматыда жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға дейін жетеді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.