• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық оқушыларға бизнес негіздері оқытылады

Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы, Алматы қ. Білім басқармасы және «Тұран» университеті қала оқушыларына арналған бизнес-білім беру бағдарламаларын дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойды.

Білім беру бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: 1-4 сынып оқушылары үшін Kinder MBA, 5-8 сынып оқушылары үшін Junior MBA, 9-11 сынып оқушылары үшін Тееп MBA. Бұл іскерлік әкімшілік бағдарламалары оқушылардың бизнес жүргізу дағдыларын, кәсіпкерлік шеберлік пен көшбасшылық әлеуетін дамытуға, креативтілікті, шығармашылық ойлауды, экономикалық және қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған.

Әр курс екі айға жалғасатын 4-5 модульден/8-10 сабақтан тұрады. Осы уақыт ішінде бастауыш сынып оқушыларына ертегідегі экономика, қаржы сауаттылығы, маркетинг негіздері және бизнесті жобалау бойынша сабақтар өтеді. Балалар ақшаға ұқыпты болуды, жаңа өнім жасау дағдыларын, жарнама жасау және бірегей идеялар табуды үйренеді. Орта сынып оқушылары кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалауды, бюджетті жоспарлау мен құрастыруды үйренеді, салық және мемлекеттік шығындар тұжырымдамасы туралы біледі, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап, дизайн-ойлауды дамытады. Жоғары сынып оқушыларын командада шешімдер қабылдауға (менеджмент негіздері), қаржыны басқарудың стратегиялық мәселелерін жүйелі түрде қарауға, бәсекелестердің әлеуетін талдауға және ресурстарды сауатты бөлуге, бизнесті цифрландыру мен инновациялық жаңғыртуды енгізуге және өзінің алғашқы стартап-жобасын құруға үйретеді. Барлық сабақтар ойын, квест, командалық тапсырмалар, топтық пікірталас және табысты кәсіпкерлермен кездесу түрінде өтеді.

«Біз қол қойған ынтымақтастық туралы Меморандумның мақсаты – оқушылар арасында кәсіпкерлік ойлауды және кәсіпкерлік рухты қалыптастыру, оқу кезеңінде кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, Мемлекет басшысының саясатына сәйкес жастардың іскерлік белсенділігін және Қазақстанда жаппай кәсіпкерлік идеясын дамыту. Біз осы білім беру жобасына жан-жақты көмек көрсетеміз. Мысалы, балаларды Қазақстанның табысты кәсіпкерлерімен таныстырамыз, осылайша олар табыс үлгілерін көре алады, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады, кәсіпкерлік идеяларын «қуаттай алады», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

кәсіпкерлік негіздерін сертификатталған бизнес-жаттықтырушылар мен «Тұран» университетінің оқытушылары оқытады. Сабақтар жұмыс күндері және сенбі күндері университет пен мектептерде факультатив түрінде өтеді, қатысу ерікті. Сабақ кезінде балалар оқу аяқталғаннан кейін қорғайтын жобаны дайындайды. Бағдарлама сәтті аяқталған кезде түлектер «Тұран» университетінің Kinder MBA, Junior MBA, Тееп MBA дипломын алады. Жоғары сынып оқушыларына мұндай диплом одан ары «Тұран» университетінде оқу шартымен белгілі бір жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

«Біздің пилоттық білім беру жобамызды Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен қалалық Білім басқармасы қолдады. Жоба оқушылардың ата-аналары жасайтын төлем есебінен қаржыландырылады, құны МВА деңгейіне қарай модуль үшін шамамен 20-60 мың теңге, яғни айына 20-30 мың теңгені құрайды. Оқушылардың модульді өту кезінде алатын дағдылар мен білімдері ересек өмірде пайдасын тигізеді, қаржыға сауатты қарауды, мәселелерді шешуден қорықпауды, жауапкершілікті өзіне алуды және табысқа жетуді үйретеді. Осылайша, біз елге жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісінде көмектескіміз келеді, өйткені ол мектептен, тіпті балабақшадан басталуы тиіс. Біз мектеп жасындағы балаларға арналған іскерлік әкімшілік бағдарламаны алғашқы болып құрған жоқпыз. Бұл тәжірибе дамыған елдерде, әсіресе Финляндия, Ұлыбритания, Түркияда, БАӘ мен Ресейде өте танымал және жақсы нәтиже көрсетуде. Біз қазақстандық жастар арасында осындай нәтижеге қол жеткізуге үміттенеміз», - деді білім беру жобасының жетекшісі, «Тұран» университеті жанындағы Халықаралық көшбасшылық институтының директоры Гүлжанат Таяуова.

«Тұран» университетінде білім беру мектептен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі (лицей, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура) білім деңгейлерінің толық циклы болып табылады. Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен (ММУ, РХШМҚА) халықаралық ынтымақтастықтың арқасында «Тұран» университетінің МВА және DBA түлектері екі диплом алады, ал білім алушылардың даярлықтың әртүрлі бағыттары бойынша сертификатталған курстардан өтуге мүмкіндігі бар.

Ақпарат көзі: Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.